×

Нысана көздеуден Қазақстан рекорды жаңарды

Елизавета Безрукова нысананы 10 метрден пневматикалық винтовкамен дәл атты

 Дастан Жұмабекұлы 14.03.2024 | 17:26
Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Шымкент қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасында (2003 және одан кейінгі жылдары туғандар) өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жаңа рекорд тіркелді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден Қазақстан рекордын жаңартты. Ол іріктеу кезеңінде 632.7 ұпай жинады. Екінші сатыға ұлттық құраманың тағы бір өкілі Александра Ле (630.2 балл) жайғасып, айтарлықтай қарсылық көрсетті.

Бұл бағдарламадағы жасөспірімдер мен ересектер арасындағы осыған дейінгі еліміздің үздік көрсеткішін Елизавета Безрукова (630.9 ұпай) тіркеген.

Мергендердің ел чемпионаты 16 наурызда аяқталады. Биыл жарысқа 10 өңірден 163 спортшы жиналды. Олар барлығы 25 жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама