ДСМ экс-министр Ажар Ғинияттың ұсынысынан бас тартты

Дәурен Ерболат

Мәселеге жергілікті билік те назар аударуға тиіс

Фото: Halyq Uni

Денсаулық сақтау министрлігі ведомствоның бұрынғы басшысы Ажар Ғинияттың МӘМС жүйесіне тіркелмеген қазақстандықтарды көлік жүргізу құқығынан айыру керек деген ұсынысынан бас тартты. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Бүгінде бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Қазір біз адамдарды медициналық сақтандыру жүйесіне тартудың басқа тетіктерін қарастырып жатырмыз. Ең алдымен әкімдіктер арқылы халықтың әлеуметтік осал санаттарын (жүйеге қосу керек). Себебі, жергілікті атқарушы билікте тиісті тетіктер бар...», - деді Тимур Сұлтанғазиев Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Бұған дейін бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният МӘМС жүйесіне тіркелмеген қазақстандықтарды көлік жүргізу құқығынан айыруды ұсынған еді. Сондай-ақ экс-министр МӘМС жүйесіне тіркелу неге маңызды екенін түсіндірген болатын.