×

Атырауда III Ұлттық құрылтай басталды

Жиын екі күнге созылады

 Динара Амантай 14.03.2024 | 12:24
Фото: видеодан скриншот

Атырауда III Ұлттық құрылтай басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Екі күнге жалғасатын жиында барлық өңірден келген құрылтай мүшелері ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын өзекті мәселелерді талқылайды.

Шараның бірінші күнінде өтетін секциялардың тақырыптары:

  • Азаматтық қоғам;
  • Мәдениет. Өнер. Руханият;
  • Білім және ғылым;
  • Әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму.

Осыдан екі жыл бұрын мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылған болатын. Алғашқы жиын былтыр Ұлытауда өтті. Онда көбіне ұлттық құндылықтарға негізделген мемлекеттің болашақ дамуы туралы ұсыныстар айтылды. Одан кейін келелі жиын жалғасын тауып, Түркістанда ұйымдастырылды.

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кенжехан Матыжанов ендігі өтетін құрылтайда мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауын жасауы мүмкін деген ойын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама