×

Жаңадан партия тіркеу бойынша 17 өтініш түскен

Министрлік өтініштерді қарастырып жатыр

 Дәурен Ерболат 14.03.2024 | 10:45
фото: Halyq Uni

Бүгінде елімізде жаңа саяси партияны тіркеу бойынша 17 өтініш түсті. Бұл туралы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2023 жылдан 2024 жылған дейін Әділет министрлігіне (жаңадан саяси партияны тіркеуге) 17 өтініш түсті. Бірақ олардың өтініші қабылданбады. Тиісті рәсімдерді қарастырып жатырмыз. Заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады, - деді Ботагөз Жақселекова Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Айта кетсек, қазір елімізде тіркелген 7 саяси партия бар:

  • AMANAT партиясы;
  • «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;
  • Қазақстан Халық партиясы;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
  • «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы»;
  • «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;
  • Respublica партиясы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама