×

NASDAQ-та листингтелетін CANAAN компаниясы Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының мүшесі болды

CANAAN компаниясы - блокчейн-серверлерді өндіру мен ASIC микропроцессорлық шешімдерін әзірлеуде әлемдегі көшбасшылардың бірі

 Халық үні 13.03.2024 | 13:40
фото: Halyq Uni

Астанада Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының басқарма төрағасы Дәурен Қарашев пен CANAAN Inc. вице-президенті Дэвис Хуэйдің кездесті.

Кездесу барысында тараптар компанияның Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының мүшелігіне кіруі туралы шартқа қол қойды.

CANAAN Inc. вице-президенті Дэвис Хуэй қазақстандық цифрлық майнерлер нарығы CANAAN Inc. үшін тартымды болатынын ерекше атап өтіп, Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі негізгі криптохабқа айналуы әбден мүмкін екеніне сенім білдірді.

Кездесуде қазақстандық цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған жабдықтарын сапалы жаңарту, «халвинг» қарсаңында олардың жұмысының тиімділігін жақсарту, бір мезгілде көміртегі ізін азайта отырып, энергия тиімділігін арттыру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

ҚБТҚ басшысы Дәурен Қарашев бүгінде Қауымдастықтың тікелей қатысуымен заңнамалық негіз құрылғанын, оған сәйкес цифрлық майнерлер енді еліміздің энергия жүйесіне қандай да бір қауіп төндірмейтінін, керісінше, электр энергиясына сұраныс туғызатын, сондай-ақ энергия жүйесін теңгерімдеуге, оның орнықты әрі іркіліссіз жұмыс істеуіне жәрдемдесетін тұрақты және төлем қабілетті тұтынушылар болып табылатынын атап өтті.

«Біз үшін келесі басымдықтар жасыл энергетикаға басымдық бере отырып, цифрлық майнерлерді үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету, цифрлық майнингке арналған ең жаңа жабдықтарды пайдалану есебінен көміртегі ізін қысқарту болып табылады. Қауымдастығымыздың мүшелері, еліміздің ең ірі цифрлық майнерлері үшін CANAAN Inc. сияқты әлемдік деңгейдегі компаниямен ынтымақтастық жасау стратегиялық жетістік болып табылады», – деп атап өтті Дәурен Қарашев.

CANAAN Inc. 2013 жылы Қытайда құрылған, компания блокчейн-серверлерді өндіру мен ASIC микропроцессорлық шешімдерін әзірлеуде әлемдегі көшбасшылардың бірі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама