×

Жақсылық Үшкемпіров турниріне 234 балуан жиналды

Бұған дейін үш рет өткен жарысқа осыншама спортшы қатыспаған еді

 Дастан Жұмабекұлы 13.03.2024 | 10:35
Фото: Қанат Байұзақов

Астанадағы Жекпе-жек сарайында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында қазақтың аңыз спортшысы Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнирдің жалауы көтерілді. Кеше оның алғашқы жеңімпаздары белгілі болды.

Бұл турнир биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Ресей және алғаш рет Бельгия, Хорватия, Украина, Сауд Арабиясы мемлекеттері өз балуандарын алып келді. Бұл елдердің саны бойынша өзіндік рекорд саналады.

10 салмақ дәрежесі бойынша жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатқан жарыста 234 бозкілем шебері бас қосты.

55 келі

1.Әлібек Амиров (бейтарап ел) 

2.Айбек Айтбеков (Қазақстан) 

3.Арсен Жұма (Қазақстан) 

Хусейн Савадов (Әзербайжан) 

63 келі

1.Ерзу Закриев (бейтарап ел)

2.Дамир Ибрашов (Қазақстан) 

3.Махаммад Шукурзаде (Әзербайжан) 

Даниал Молдабек (Қазақстан) 

72 келі

1.Руслан Нуруллаев (Әзербайжан) 

2.Тайыр Амангелді (Қазақстан) 

3.Ырыскелді  Хамзаев (Қырғызстан) 

Ақжан Ықыласов (Қазақстан) 

82 келі

1.Ерасыл Жеңіс (Қазақстан) 

2.Исмаил Рзаев (Әзербайжан) 

3.Рамазан Пашаев (Украина) 

Жанболат Бекен (Қазақстан) 

Ерасыл Жеңістің айтуынша, команда халықаралық додаға «Алматау» спорт базасында 2 апта бойы арнайы дайындалған. Әр жеңіс оңайлықпен келмеді. Әсіресе, Әзербайжан балуаны өз елінде мықты спортшылардың қатарына кіреді.

2:7 есебімен ұтылып жатсам да, мойымадым. Оны әбден шаршатып, соңында ойлаған барлық айла-тәсілдерім іске асты, – деді Ерасыл Жеңіс.

97 келі

1.Егор Якушенко (Украина) 

2.Амирхон Бердіқұлов (Өзбекстан) 

3.Максим Аверин (бейтарап ел)

Баһрам Құрбанов (Қырғызстан) 

Кезінде Жақсылық Үшкемпіровтің көмекшісі болған Самат Баймұхановтың айтуынша, 2017 жылдан бері бұл сайыс халықаралық турнир дәрежесіне көтеріліп, жылдың күнтізбесіне енгізілген. Биыл Париж Олимпиадасы өтетіндіктен, жарыс ерте ұйымдастырылып жатыр. Бірақ бір артықшылығы – біршама ел балуандары Олимпиадаға дайындық мақсатында арнайы түрде келіп, жарыс көркін қыздыруда.

Уақыт өткен сайын күрес түрлерінен әлем чемпионаты, Азия чемпионатын қабылдаған «Жекпе-жек» сарайының деңгейі жоғарылап барады. UWW-дан келген делегат та алдағы уақытта осы жерде әлем чемпионатын өткізу туралы идеясы барын жасырмады. Басқа да мемлекеттер жоғары сыйақы, уақыттың қолайына байланысты келесі жылы қатысуға қызығушылық танытып жатыр, – деді Самат Баймұханов.

Жарыс жеңімпаздары ақшалай сыйақы (1-орын – 1,5 млн теңге, 2-орын – 1 млн теңге, 3-орын – 500 мың теңге, чемпионның бапкері – 100 мың теңге) және медальдармен марапатталды.

Бүгін тағы 5 салмақта жүлдегерлер белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама