×

Әлемде COVID-19 ауруының саны төрт есе азайды

Соңғы аптада 10,5 мың адам инфекцияның құрбаны болды, бұл өткен аптамен салыстырғанда екі есе аз

 Халық үні 31.05.2022 | 06:00
Фото: ашық дереккөздерден

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, 15-21 мамыр аралығында 5,7 миллионнан астам адамнан қауіпті инфекция анықталса, 22-28 күні аралығында бұл меже шамамен 1,4 миллионға жеткен. Яғни, науқастардың саны төрт есе азайғанын көруге болады. Сондай-ақ, COVID-19-дан көз жұмған адамдардың саны күрт төмендеді. Соңғы аптада 10,5 мың адам инфекцияның құрбаны болды, бұл өткен аптамен салыстырғанда екі есе аз.

Америка Құрама Штаттары үшінші аптада әлемде COVID-19 ауруы бойынша бірінші орында тұр. Соңғы жеті күнде елде 600 мыңға жуық жаңа жағдай анықталды (өткен аптамен салыстырғанда + 30 мың жағдай).

Ресейде тәулігіне 4 188 коронавирусты жұқтыру жағдайы анықталды. Бұл өткен күнмен (4 556 жағдай) салыстырғанда 8.79%-ға төмен. Тәулігіне 1 001 науқас емделіп жатыр. Бұл алдыңғы көрсеткішпен (2 106 жағдай) салыстырғанда 52,5%-ға төмен. Сонымен қатар, бір күнде 4 411 адам сауығып, өткен күнмен (5 844 жағдай) салыстырғанда, көрсеткіштің 24,5%-ға төмендегені байқалады.

Тәулігіне коронавирустан көз жұмған адамдардың саны – 85, бұл алдыңғы көрсеткішпен (86 жағдай) салыстырғанда бір адамға аз. Қайтыс болғандардың жалпы саны 378 955 жетті. Коронавирустан ең көп қайтыс болғандар саны Санкт-Петербург (12 жағдай) пен Мәскеу қалаларында (11 жағдай) тіркелді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама