×

Бишімбаев Нүкенованы жалаңаш видеоға түсірген: марқұмның ағасы пікір білдірді

Айтбек Амангелді бұған дейін айтылмаған нәрселер барын айтады. 

 Халық үні 12.03.2024 | 06:45
Фото: instagram/_salta_n

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді алғашқы сот отырысы туралы ойын ашып айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Айтбек Амангелді бұған дейін айтылмаған нәрселер барын айтады. 

«Салтанат неге кетіп қалмаған және кетіп, қайтадан неге оралған?» деген секілді сұрақтар көп қойылды. Бұл мен үшін де үлкен сұрақ. Оның жауабын қылмыс болғаннан кейін алдым. Яғни Бишімбаев түсірген видеодан кейін білдік. Бұл туралы айтқымыз келмеген, себебі бұл біздің жақындарымыз үшін ауыр. Сондықтан видео туралы қоғам білмесе дедік. Себебі әлдеқандай әдеп нормасы бар. Менің міндетім - бәрін бүге-шүгесіне дейін айтып, біреуді қаралау емес, отбасымды ойлау және оларға қамқорлық таныту болды», - дейді Айтбек Амангелді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама