Бүгін ауа райы қандай болады?

Дәурен Ерболат

Жел күшейіп, тұман түседі

Фото: liter.kz

Синоптиктер 11 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.

Сондай-ақ тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын көтеріледі.

Бұған дейін елімізде 3 облыста жолдар жабылғаны хабарланған еді.