×

Еліміздің үш облысында жолдар жабылды

Көлік қозғалысына шектеу енгізілді

 Халық үні 10.03.2024 | 21:38
Фото: elements.envanto

10 наурыз сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы «Қазавтожол» компаниясы хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында - жалпы ұзындығы 160 км құрайтын 1 автожол (қар көшкіні қаупіне байланысты
1. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары» Ушановское а.-Алтай қ. (Автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қызылорда облысында - жалпы ұзындығы 204 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа-райының нашарлауына байланысты)
1. «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда қ.-Ұлытау обл.шекарасы
(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 208 км 1 автожол.
(жаңбыр, көктайғақ)
1. «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда обл.шекарасы-Талап а.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп –ұстауға 213 бірлік техника және 272 жолшы жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама