×

Ақтауда әйелдер мерекесінде алып бала дүниеге келді

Баланың бойы – 60 сантиметр, салмағы – 5 380 грамм

 Ербол Тұрымбет 09.03.2024 | 16:21
Фото: sun9-43.userapi.com

Халықаралық әйелдер күні Ақтауда алып бала дүниеге келді. Бойы 60 сантиметр, салмағы 5 380 грамм тартады. Мұндай параметрлермен туылған бала алып болып саналады. Бұл туралы Lada.kz Маңғыстау облысы көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жалпы, аталған перинаталдық орталықта мереке күні 22 бала өмір есігін ашқан. Оның 9-ы – қыз, 13-і – ұл.

Нәрестелердің арасында салмағы ең азы да ұл бала болып шықты. Оның  салмағы – 2700 грамм, бойы – 49 сантиметр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама