×

Елордалық еріктілер әйелдерге 1000-нан аса қызғалдақ пен шоколад сыйлады (ВИДЕО)

Астаналықтар көрсетілген құрметке риза болып, жастардың ниетіне алғыстарын білдірді

 Халық үні 07.03.2024 | 15:48
фото: дереккөз

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындарын құттықтап, гүлдермен және шокаладтармен қуантып жүр, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Еріктілер қызғалдақ гүл шоқтары мен шокаладтарды әйелдерге қала тұрғындары тығыз қоныстанған жерлерде таратып жатыр. Акция жыл сайын өткізіледі.

Біздің мақсатымыз – нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қымбатты ханымдарға бақыт, денсаулық және амандық тілеймін, - деді еріктілердің бірі Ерасыл Амантай.

Астаналықтар өз кезегінде көрсетілген құрметке риза болып, жастардың ниетіне алғыстарын білдірді.

Барлығына көп рақмет! Күтпеген жерден көңіл күй бірден көтерілді. Әрбір әйелге зор бақыт тілеймін! - деді Айнұр Смайылова.

Акция әлі де жалғасуда. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1000-нан аса гүл мен шокалад сыйлайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама