Бюджетке 300 миллион теңгеден астам салық түспеген болып шықты
ҚМА-ның Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті контрагенттер-сатып алушыларды салық төлеуден босату мақсатында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, тауарларды жеткізбей жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша заңсыз әрекеттермен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2018-2021 жылдар аралығында 7 жалған компанияның қылмыстық әрекетінен жалпы айналым 2 миллиард теңгеден асқаны, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке 300 миллион теңгеден астам салық түспегені анықталды, – деп мәлімдеді Агенттіктің баспасөз қызметі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті үйқамаққа алынды. Қылмыстық іс аяқталып, бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.
Тағы оқи отырыңыз: Ақпаннан бері қамауда отырған экс-министрге қатысты іс әлі сотқа жетпеген. Оралда 54 миллион теңге бөлінген бейнекамералар істемей тұр. Елордалық төрт азамат 55 мың долларға жуық жалған ақшаны айналымға енгізген.