×

Елордалық төрт азамат 55 мың долларға жуық жалған ақшаны айналымға енгізген

Жалған ақша белгілері анықталған жағдайда дереу сенім телефонына хабарласу қажет

 Еркеғали Болатұлы 30.05.2022 | 11:23
фото: total.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті 54 850 АҚШ доллары көлемінде жалған ақша ұстаған және сатқан бір топ адамға қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасанды банкноттар елорданың валюта айырбастау пункттері, банкоматтар арқылы жеке шоттарды толтыру, сондай-ақ OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шоттарға салу арқылы айналымға тартылған.

Сот үкімімен А.Жомарт, И.Чекиев, Р.Иманбаев, Б.Төлеутай шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды абай болуға және бейтаныс адамдардан шетел валютасын сатып алмауға шақырады. Жалған ақша белгілері анықталған жағдайда дереу сенім телефонына хабарласу қажет.

Жасанды банкноттарды анықтау қылмыс емес, алайда жалған ақша белгілерін сату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

22 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Республиканың солтүстігінде, оңтүстік жартысында тұман болып, жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнайды
21.03.2023 | 20:45

Абай облысында ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды
21.03.2023 | 19:50

Маңғыстау облысында 12 ауыл ауыз сумен қамтылды

Өңірде су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр
21.03.2023 | 17:35

Алматыда студент жарылғыш құрылғы жасырылғаны туралы 4 рет хабарлама жіберген

Дәлелдемелерді ұсынғаннан кейін ол өз кінәсін мойындады
21.03.2023 | 16:39