×

Әлішер Каримов жанды дауыста концерт береді

Биыл танымал әншінің сахнада жүргеніне 20 жыл толады

 Халық үні 06.03.2024 | 14:29
Фото: ұйымдастырушылар

Жылдар бойы ерекше талантымен тыңдарман қауымның көңіл түкпірінен орын алған әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Әлішер Каримовтың сахнада жүргеніне – 20 жыл. Ширек ғасырға жуық әуелеген әнімен қалың көпшіліктің сүйіктісіне айналған өнерпаз осы бір мерейлі жылды Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, Астанада «20 жыл сахнада» атты жанды дауыстағы мерейтойлық концертпен атап өтпек.

Үлкен кеште біршама су жаңа туындылардың тұсауы кесілмек. Сонымен қатар халық арасында хитқа айналған әндері де сахна төрінде шырқалады. Сондай-ақ мерейтойлық концертке әлемдік сахналарда жиі өнер көрсететін грузиялық танымал әнші Этери Бериашвили қатысады. Мерейтойлық концерт 2 сағатқа жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Әлішер Каримов – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қазақстандық эстрада әншісі, музыкант. Ең алғаш SuperStar KZ атты телевизиялық шоуда финалист атанып, көпке таныла бастады. «Славян базары», «Новая волна», «Ереван шақырады» сияқты халықаралық вокалдық конкурстарда ел намысын қорғаған.

Тамаша дауыс пен ерекше мәнердің иесі Әлішер Каримовтың қайталанбас кешіне куә болыңыздар! Мерейтойлық концерт 2024 жылғы 9 наурызда, сағат кешкі 19:30-да Астана қаласында, Бейбітшілік және Келісім сарайында өтеді.

Байланыс үшін: +7 701 997 18 15.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама