×

Канадада 550 жолаушысы бар ұшақты найзағай соқты (ВИДЕО)

Air Canada Boeing 777-300 ұшағы Ванкуверден Лондонға бағыт алған еді

 Еркеғали Болатұлы 06.03.2024 | 10:57
фото: видеодан скриншот

Желіде әуеге көтерілген кезде ұшақты найзағай соққаны туралы видео пайда болды. Оқиға 3 наурызда Канадада болған. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады.

Ақпараттық агенттік Air Canada ұшағының Ванкуверден Лондонға қарай бағыт алғанын жазды. Ұшаққа найзағай түскен сәттің видеосын оқиға куәгерлері түсіріп алған.

Бұл ретте Air Canada Boeing 777-300 ұшағының рейсті қайта жалғастырғаны немесе ұшып шығу әуежайына оралғаны нақтыланбаған. Ал Mash Telegram-арнасы төтенше жағдай кезінде ұшақта 550 жолаушы болғанын жазды. Электр ұшқынының разрядына ұшырағаннан кейін ол әуедегі қозғалысын жалғастырған.

Жергілікті ұшқыштың айтуынша, әуе лайнерінде орнатылған найзағай сөндіретін арнайы жүйенің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама