×

Екі адам көз жұмды: Атырауда қайғылы жағдай болды

Төрт адам ауруханаға түсті

 Халық үні 04.03.2024 | 21:43
фото: inform.kz

Атырау қаласының маңындағы Дамбы ауылына баратын жолдың бойында бір мезетте төрт көлік соқтығысты. Жол апатынан екі адам мерт болып, төртеуі ауруханаға жеткізілген. 

Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 17:00 шамасында болған.

Атырау-Дамбы тас жолының бойында орналасқан Көкарна ауылындағы «Алтын құрылыс» дүкенінің маңында бірден төрт көлік – Toyota Prado, КамАЗ, Кіа және ВАЗ-2112 соқтығысты. Жүк көлігі аударылып қалған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан ВАЗ-2112 көлігінің жүргізушісі мен жасөспірім жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Осы көлікте отырған кәмелетке толмаған үш жасөспірім мен әйел жедел жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама