×

Алматыда жер сілкінісінен бір адам зардап шекті

Науқас емделуге жіберілді

 Дастан Жұмабекұлы 04.03.2024 | 17:25
Фото: https://t.me/tvalmaty

Алматыда жер сілкінісі кезінде бір адам екі тобығын сындырып алған. Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев айтты.

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қаланың 18 жастағы тұрғынына балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында барлық қажетті көмек көрсетілді. Оған «оң жақ аяқ пен оның көгеруі және созылуы» деген диагноз қойылды. Науқас тұрғылықты жері бойынша емханаға амбулаториялық емделуге жіберілді, – деді Нұрлан Атығаев.

Еске сала кетсек, бүгін сағат 11:22-де (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 болып тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама