×

Алматы метрополитені уақытша жабылды

Мамандар метро тоннельдерін тексеру жұмыстарын жүргізетін болады

 Динара Амантай 04.03.2024 | 13:33
Фото: дереккөз

Алматы метрополитені уақытша жабылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Метрополитен баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро тоннельдерін тексеру жұмыстарын жүргізетін болады.

Осыған байланысты Алматы метрополитені ТЖД жұмыс орындарына оралуға рұқсат еткеннен кейін шамамен 3 сағат көлемінде қайта іске қосылады. Қазір метро аумағында ешқандай бұзылу байқалған жоқ, жолаушылар сыртқа шығарылды, – делінген хабарламада.

Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес тағы да жарияланатын болады.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды. Осыған байланысты қала әкімі Ерболат Досаев жедел штабтың шұғыл жиналысын өткізген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама