×

Боран, көктайғақ, жаңбыр: 2 наурызға ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 2 наурызда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

 Халық үні 02.03.2024 | 08:38
Фото: elements.envanto

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 2 наурызда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында ғана атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады, боран, желдің күшеюі күтіледі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама