×

Тоқтар мен Бейбіт шәкірттерімен жаңа дуэт ұсынады

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Астанада концерт өтеді

 Халық үні 01.03.2024 | 20:16
Фото: әншілердің жеке архивінен

Өнер табыстырған эстрада жұлдыздары - Тоқтар мен Бейбіт Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Астана қаласында концерт өткізбек. Сан жылдан бері есімдері тек қатар айтылатын өнерпаз отбасы елорда тұрғындары мен қонақтарын естен кетпес керемет кешке шақырады.

Мерекелік концертте онға жуық су жаңа әннің тұсауы кесілмек. Сонымен қатар көпшілік жатқа білетін  қайталанбас «хит» әндер де шырқалады.

Айта кетейік, Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева отыз жылдан астам уақыт бойы ел алдына өнерімен танылған жұп. Сол уақыт аралығында біршама шәкірттерін де өнер айдынына тәрбиелеп, шығарып салды. Алдағы кеште шәкірттерімен де тамаша дуэт орындап, жаңашылдық ұсынбақ ниетте.

Тоқтар мен Бейбіт –  есімдерін екіге жарып айтуға келмейтін, өнер өріне қос жұлдыздай қатар шыққан көпшіліктің сүйікті дуэті.

Әр тыңдарманның жүрегінен ойып тұрып орын алған өнер иелерінің мерекелік концертіне асығыңыздар! Мерекелік концерт 2024 жылғы 8 наурызда, кешкі сағат 19:30, Астана қаласы, Конгресс холлда (Филармония залы) өтеді.

Сондай-ақ көпшіліктің сұранысымен осы 8 наурыз күні, аталған мекен-жай бойынша сағат 16:00-ге тағы бір сеанс жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама