×

ШҚО тұрғынына желідегі жазбасы үшін жарты миллион теңге айыппұл салынды

Сот отырысы кезінде аспазшы әйел өз кінәсін мойындады

 Халық үні 29.02.2024 | 19:50
фото: Артем Чурсинов

Шығыс Қазақстан облысында аспаз әйелге әлеуметтік желідегі пост үшін жарты миллион теңгенің айыппұлы салынды, деп хабарлады Алтай аудандық соты.

Сот материалдарына сәйкес, жауапқа тартылған келіншек Алтай қаласындағы кәсіпкердің дәмханасында бір жылдан астам уақыт аспаз болып жұмыс істеген. 2023 жылы қараша айында бизнесмен оны жұмыстан шығарып жібереді. Оған ашуланған әйел әлеуметтік желідегі желісінде пост жариялап, дәмханада тазалық сақталмайды деп мәлімдеген. Бірақ бұл ақпарат расталған жоқ.

Сот отырысы кезінде аспазшы әйел өз кінәсін мойындады. Әлеуметтік желідегі жазбаның жойылғанын да жеткізді. Сосын судьядан әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолдануды сұрады. Ол бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, шындыққа жанаспайтын басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәлімет таратқаны үшін кінәлі деп танылды.

Әкімшілік кодекске сәйкес, осы заң бұзушылық үшін 180 АЕК мөлшерінде (664 560 теңге) айыппұл қарастырылған. Судья кінәні жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, айыппұлды 30 процентке азайтуға шешім шығрады. Аспазшы әйел 434 700 теңге төлеуге тиіс.
Сот шешімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама