×

Холанд бір матчта бес гол салып, 1970 жылғы рекордты қайталады (ВИДЕО)

Бұған дейін 1970 жылы Джордж Бест алты рет қақпаны дәл көздеген болатын

 Дастан Жұмабекұлы 29.02.2024 | 17:22
Фото: Global Look Press

Англияның «Манчестер Сити» клубының шабуылшысы Эрлинг Холанд бір матчта бес гол салып, команданың 54 жыл бұрынғы рекордын қайталады.

54 жыл бұрын, 1970 жылы Англия кубогы үшін ойында «Манчестер Юнайтед» клубының сол кездегі шабуылшысы Джордж Бест «Нортхэмптон» командасының қақпасын алты рет дәл көздеген болатын.

Норвегия құрамасының форварды Англия кубогының 1/8 финалында «Лутон Таунмен» ойында алаң иелерінің қақпасына 55 минутта 5 гол салып үлгерді. Ол матчтың 3-минутында есеп ашып, одан кейін 18, 40, 55 және 58-минуттарда таблодағы есепті өзгертіп отырды. Холанд төрт голды Кевин де Брюйненің пастарынан топырлатты.

Матч 6:2 есебімен аяқталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама