×

Ақтөбе облысында полицейлер кәсіпкерге қатысты заңсыз іс қозғаған

Прокуратураның мобильді тобы істі тоқтатты

 Динара Амантай 29.02.2024 | 12:14
Фото: gov.kz

Хромтау ауданының прокуратурасы кәсіпкерге қатысты басталған қылмыстық қудалауды тоқтатты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокуратураның мобильді тобына түскен сигнал бойынша, 21 ақпанда Хромтау аудандық ПБ қызметкерлері қандай да бір арыз немесе шағым болмағанына қарамастан, жұмыс істеп тұрған «Сектор» ойын клубының иесіне қатысты авторлық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 198-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Қылмыстық қудалау органы қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес, аталған санаттағы істердің тек жәбірленушінің шағымынан ғана басталатынын ескермеген.

Осыған байланысты аудан прокуратуарсы кәсіпкерге қатысты негізсіз басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өндірістен алдырып тастап, тәркіленген мүлік кері қайтарылды.

Полиция қызметкерлеріне қатысты тәртіптік іс жүргізу ісі қозғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама