×

«Қыс аяқтала қоймайды»: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағы бойынша 29 ақпан-2 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

 Халық үні 28.02.2024 | 19:30
Фото: Sputnik

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағы бойынша 29 ақпан-2 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, күнтізбе бойынша көктем мезгілі келгенімен күн жылынбайды.  

«Күнтізбе бойынша көктем мезгілі келгенімен қыс аяқтала қоймайды. Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынына қарамастан, еліміздің оңтүстігі мен солтүстігіне екі циклон әсер етіп, жауын жауып, жел күшейеді. Температуралық фон да теріс мәндерін сақтайды, яғни ауа райы салқын болады. Тек Қазақстанның батысында күндіз термометрлердің бағандары 10 градусқа дейін жоғарылап, жылынады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама