×

Алматы мен Шымкенттің оқушылары роботехникадан шетелге жолдама алды (ВИДЕО)

Одан басқа бірнеше жасөспірім университеттің гранттарын иеленді

 Дастан Жұмабекұлы 28.02.2024 | 16:20
Фото: gov.kz/ Алматы қаласының әкімдігі

23-25 ақпанда Алматы қаласының оқушылары робототехника бойынша ең ірі жарыстардың бірі саналатын Central Asia FIRST Tech Championship чемпионатына қатысты, деп хабарлады қала әкімдігі.

Астана қаласындағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өткен додаға еліміздің әр өңірінен 3 мыңнан астам оқушы мен шетелдерден 200-ден астам команда қатысты. Алматы қаласының намысын қорғаған оқушылар бірнеше жүлделі орындарға ие болды.

Жарыстың қорытындысы бойынша №124 мектептің Team 124 командасы Winning Alliance 2nd pick пен THINK AWARD 2st place номинациясы және Лондонда өтетін халықаралық UK first championship 2024 жарысына қатысуға жолдаманы, №206 мектеп-гимназиясының оқушысы Оңғарбек Томирис АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін 2024 FIRST Championship, Houston жарысына қатысуға сертификатты жеңіп алды.

Осы чемпионатта Шымкент қаласының Robo Park робототехника орталығының ShymSide командасы Орталық Азия чемпионы атанды. Бұл команда да АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін 2024 FIRST Championship, Houston жарысына жолдамаға ие болды.

Команданың құрамы чемпион атанған соң, елдің сеніміне үлкен үмітпен қарайтынын, сол себепті Атлант мұхитының ар жағындағы алып елде болатын додаға түсуге демеуші іздеп жатқанын жасырмады.

Біз Америка Хьстон қаласына жолдама ұтып алдық. Шымкент құрамасы едік. Енді Қазақстан ұлттық құрамасына ендік. Құдай қаласа Америкаға барып, Қазақстанның намысын қорғаймыз. Енді, бізге Америкаға баруға демеуші керек. Кім болады екен? Барлық, медиаға жарнама жасаймыз. Әлемдік жарысқа барып, Қазақстанның мықты екенін дәлелдейміз. Бізді қолдаңыздар! Демеуші табуға көмек беріңіздер!, – деді дарынды да талантты оқушылар.

Сонымен бірге жарыста №62, 119, 124, 200, 81, 202 мектеп оқушыларынан құралған Qazaq Style командасы THINK AWARD 1st place пен Best Pit Award аталымына, №81 мектеп-гимназиясының Redstone құрама командасы CONNECT AWARD 3rd place номинациясына ие болды.

Білім-инновация лицейі мен М. Базарбаев атындағы №138 гимназия оқушыларынан жасақталған Sana team командасы MOTIVATE AWARD WINNER, Best Mascot finalist пен Best Uniform Award finalist, №178 лицейі оқушыларының ZOK Junoirs командасы INNOVATE AWARD 3rd place номинациясын иеленді.

First Lego League бағыты бойынша М. Мақатаев атындағы №140 гимназиясының ULY DALA құрама командасы BREAKTHROUGH AWARD аталымының жеңімпазы атанды.

Тағы бір жағымды жаңалық, Алматы мектептерінің түлектері еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының грант иегерлері атанды.

БИЛ лицейінің оқушысы Спандияр Тұяқбай мен №39 мамандандырылған лицейінің оқушысы Маликов Мейіржан Сәтбаев университетінің, М. Базарбаев атындағы №138 гимназия оқушысы Амангелді Шолпан, №81 мектеп-гимназия оқушысы Әлрахат Үмітхан, М. Мақатаев атындағы №140гимназия оқушысы Нұрила Бердалы мен Мөлдір Бекенқызы, №178 мамандандырылған лицейінің оқушысы Олжас Санатұлы Алматы энергетика және байланыс университетінің грант иегері болды.

Сонымен қатар Еуропаның оқу орындарына түсуге 100% жеңілдікпен қолдау көрсету гранты №200 мектеп-гимназиясының оқушысы Мира Демеуғалиева мен №178 мамандандырылған лицейінің оқушысы Алуа Төлендіге берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама