×

Қызылорда облысында 4 мың бөдене тірілей жанып кетті (ВИДЕО)

Оқиға орнына 7 өрт сөндіруші мен 2 техника барды

 Еркеғали Болатұлы 28.02.2024 | 12:55
фото: dzen.ru

Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы құс фабрикасы толығымен жанып кетті, деп хабарлады  төтенше жағдайлар министрлігі.

Бесарық ауылындағы құс фабрикасы бүгін таңғы сағат 04:37-де отқа оранған. Бір қабатты ғимараттың төбесі жанып, тілсіз жау 288 шаршы метрді шарпыды.

Куәгерлердің айтуынша, фабрикада 4 мың бөдене болған. Барлығы тірілей жанып кетті. Адамдар арасында зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар таңғы сағат 06:12-де өртті өшірді. Оқиға орнына 7 өрт сөндіруші мен 2 техника барды.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Құс фабрикасы толығымен жанып кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама