×

Қазақстан жанкүйерлері Түркияда елдің көзінше бір-бірімен төбелесті (ВИДЕО)

Елдің атына сөз келеді-ау дегенді ысырып қойып, командаларының жалған намысы үшін бір-біріне орындық лақтырып, балағаттаған

 Дастан Жұмабекұлы 26.02.2024 | 12:59
Фото: видеодан кадр

Қазақстан жанкүйерлері Түркияның Анталия қаласында футболдан алғаш рет өткен Қазақстан суперкубогының финалы кезінде төбелес шығарды. Оның видеосы желіге тарап кетті.

Матчта Шымкенттің «Ордабасы» мен Қостанайдың «Тобыл» клубтары кездескен. Осы ойын кезінде қос клубтың жанкүйерлері отыратын жер бөлінбеген соң, екінші таймның ортасында дау-жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан.

Трибунада отырған жанкүйерлер елдің атына сөз келеді-ау дегенді ысырып қойып, командаларының жалған намысы үшін бір-біріне орындық лақтырып, балағаттаған.

Ал матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Пенальтилер сериясының қорытындысы бойынша «Тобыл» 6:5 есебімен жеңіске жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама