×

Жалғас Жұмағұлов жекпе-жекте аяғын сындырып алса да жеңіске жетті (ВИДЕО)

Кливленд Маклин 12-рет жеңіліс тапты

 Еркеғали Болатұлы 25.02.2024 | 13:03
фото: видеодан скриншот

Алматыда өткен Naiza 57 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов пен (15-9) АҚШ өкілі Кливленд Маклин (17-11) кездесті.

Кездесу аса жеңіл салмақта өтті және 3 раундқа созылды. Жалғас Жұмағұлов жекпе-жек барысында аяғын сындырып алғанына қарамастан белгіленген уақыт аяқталғанша өнер көрсетіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, 35 жастағы қазақстандық файтер мансабындағы 16-жеңісіне қол жеткізді. Ал Кливленд Маклин 12-рет жеңіліс тапты.

Бұл Жалғас Жұмағұловтың UFC-ден кеткеннен кейінгі екінші жекпе-жегі болды. Ол 2023 жылы UFC промоушенінен шыққан соң, Naiza лигасында дебют жасады. Сол дебютінде Жұмағұлов жапониялық файтер Масато Накамураны (9:8) нокаутпен жеңген болатын.

Ал Кливленд Маклин осыған дейін 2023 жылдың тамызында жекпе-жек өткізіп, отандасы Фуми Нкутадан жеңіліп қалған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама