×

Александр Недовесов ATP 250 турнирінің финалында ойнайды

Ол эквадорлық теннисшімен жұптасып ойнап жатыр

 Ербол Тұрымбет 24.02.2024 | 12:00
Фото: ktf.kz

Мексиканың Лос-Кабос қаласында өткен ATP 250 сериясы турнирінде жұптық сайыстың алғашқы финалистері анықталды. Александр Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар жартылай финалда аргентиналық Гвидо Андреоцци мен мексикалық Мигель Анхель Рейес-Вареланы 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Енді 25 ақпанда Қазақстан-Эквадор дуэтінің шешуші кездесудегі қарсыластары не австралиялық Макс Персел мен Джордан Томпсон, не норвегиялық Каспер Рууд пен америкалық Уильям Блумберг болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама