×

«Ұлттық қор – балаларға»: ақша жай шотта жатпайды

Бұл да 18 жылдағы орташа инвестициялық кіріске тең

 Еркеғали Болатұлы 23.02.2024 | 17:11
фото: Halyq Uni

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова бүгін өткен брифингте «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 18 жасқа толған балалар қанша ақша алатынын айтты.

Оның айтуынша, балалардың шотына түсетін ақша инвестициялық кіріске, сондай-ақ Ұлттық қордан түсетін түсімдер мен қаражатқа байланысты болмақ.

Бұл жерде бір жайт бар, балалардың есепшотына бөлінетін ақшаның барлығы 18 жасқа толғанда ғана төленеді. Ал 18 жасқа толмаған балалар үшін бұл ақша жай шотта жатпайды. Ұлттық банктің басқаруындағы Ұлттық қорда ақшаның үстіне пайыз қосылып отырады. Бұл да 18 жылдағы орташа инвестициялық кіріске тең, - деді ол.

«Балалар бұл сома болжамды түрде жоғары болуы мүмкін екеніне сене ала ма?» деген сұраққа ол: «Иә», - деп жауап берді.

Сондай-ақ Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов «Ұлттық қор – балаларға» жобасы Қазақстанның 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамына негізделгенін алға тартты.

Өткен жылы күзде ол бекітіліп, сол жерде де дәл осындай параметрлер қойылды. Шындығында, біз Үкіметпен мұнай болжамын талқылағанда, азды-көпті бірдей сандарға келдік. Алдағы 2 жылда ол барреліне 80 доллар шамасында болады. Содан кейін сыртқы күйзеліс болмаса, баға біртіндеп төмендей бастайды.Сондықтан жалпы Ұлттық қор бойынша және осы бағдарлама негізінде бұл параметрлер өзгермейді. Сондықтан сыртқы орта өзгермей, біз жоспарлаған бұл ақша сол деңгейде сақталады деп сенеміз, – деді Тимур Сүлейменов.

Бұл ретте ол жыл сайынғы төлемдердің мөлшері Ұлттық қордың қаншалықты толығатынына, одан қаншасы алынатынына және оның қаншалықты тиімді басқарылатынына байланысты болатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама