×

Рыбакина екі айда бес рет WTA турнирінің ширек финалына шықты

Теннисші Дохадан кейін Дубайдағы жарысқа қатысып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 22.02.2024 | 14:34
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жыл басынан бері бесінші рет WTA турнирінің ширек финалына шықты.

Қазір ол Қатардың Доха қаласында болған WTA турнирінен кейін біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан тағы бір халықаралық турнирге қатысып жатыр. Дохада теннисші финалға дейін жетіп, күміс медаль алып қалған еді. Осы жолы да Рыбакинаның мақсаты – финалға шығып, WTA турнирінің бас жүлдесін жеңіп алу. Қазақстан теннис федерациясының мәліметіне қарағанда, Рыбакина осы жолда аяғын анық басып келеді.  

Кеше ол Дубайдағы WTA турнирінің финалына шықты. Осылайша, қазақстандық спортшы теннисшілер арасында соңғы 10 жылда ширек финалға жолдама алған 3 теннисшінің бірі атанды.

Бұған дейін  испаниялықтар Карла Суарес-Наварро (2015) мен Гарбинье Мугуруса (2020) Рыбакина сияқты халықаралық турнирде қатарынан 5 рет финалға жолдама алған болатын.

Биылғы маусымда Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен мен БАӘ-нің Абу-Даби қаласында өткен WTA турнирінің жеңімпазы атанса, жасыл құрлық елінің тағы бір қаласы – Аделаидада ширек финалға дейін жетті. Ал Дохада WTA 1000 жарысының финалында өнер көрсетті.

21 ақпанда Елена Рыбакина Польша өкілі Магдалена Френхттен басым түсіп, Дубай WTA 1000 додасының ширек финалына жолдама алды. Бұл жолы бірінші партияда есеп 5:5 болып теңесті. Тай-брейкте 2:5 есебімен ұтылып жатып, қатарынан 5 допты өз есебіне жазды. Есеп – 7:6 (7:5). Содан кейін үшінші сетте 6:3, ал төртінші, шешуші партияда Рыбакина брейк жасап, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Енді Рыбакина жүлде қоры 3,2 млн АҚШ долларынан асатын доданың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 26-ракеткасы, италиялық Ясмина Паолинимен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама