×

Екі облыста жолдар жабылды

Автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 535 техника және 1 287 жолшы жұмылдырылды.

 Динара Амантай 22.02.2024 | 10:12
фото: alataunews.kz

Бүгін сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 шақырым болатын 1 автожол:

  1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысының шекарасы-Арқалық қаласы.

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 115 шақырым болатын 1 автожол:

  1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау кенті-Қостанай облысының шекарасы.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 535 техника және 1 мың 287 жолшы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама