×

Түркіменстан мен Қырғызстанда ресейлік телеарналардың хабар таратылуы тоқтатылды

«Россия-24», «Россия культура» және «Звезда» арналарының хабар таратуы тоқтатылған

фото: ашық дереккөзден

Батыстың Ресей Федерациясына салған санкцияларына байланысты Қырғызстан мен Түркіменстанда да ресейлік ВГТРК холдингі мен «Звезда» телеарналарының хабар таратуына тыйым салынды.

«Адырна» сайтының жазуынша, Түркіменстан елдегі ірі лицензияланған байланыс операторы «Ашхабад қалалық телефон желісі» ЖАҚ таратқан ресейлік «Россия-1» және «Звезда» телеарналарының хабар таратуын тоқтатты. Оператор жақын арада резервтік трансляцияны ұйымдастыруға уәде берді.

Бұған дейін жұма күні кейбір ресейлік телеарналар Қырғызстанда да уақытша жабылғаны белгілі болды. Онда «Россия-24», «Россия культура» және «Звезда» арналарының хабар таратуы тоқтатылған.

«Бірқатар елдерде жалпыресейлік телеарналарды таратуға заңнамалық шектеулердің қабылдануына байланысты ВГТРК телеарналарының трансляциясы халықаралық спутниктерде біржақты түрде бұғатталды», - деп хабарлады Қырғызстанның «Акнет» телекоммуникациялық компаниясы өз сайтында.

Қазіргі уақытта тұрақты сигнал үшін резервтік хабар таратуды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

«Телеарна операторы жағындағы жұмыстар аяқтала салысымен, хабарды көруге болады», - деді Акнет.

Сонымен қатар, бірінші арна, RenTV, NTV, STS, TNT, Che, Match және басқа да бірқатар ресейлік телеарналарды көрсету жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама