×

Қазақстанда 3 млн-нан астам бала қосымша біліммен қамтылады

Бүгінде онымен оқушылардың 81,1%-ы қамтылған

 Динара Амантай 21.02.2024 | 14:36
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Биыл шығармашылық үйірмелермен және спорт секцияларымен елімізде 3 миллионнан астам оқушы қамтылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде оқушылардың 81,1%-ы қосымша біліммен қамтылған. Біз қосымша білім алу кезінде барлық балаларға тең мүмкіндіктер беруге тырысамыз. Биыл қамтуды 86,3%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр, – деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Айта кетсек, балаларды қосымша біліммен неғұрлым көбірек қамту үшін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Қостанай және Павлодар облыстарында 6 Оқушылар сарайын ашу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама