×

Еліміздегі 8 облыста жолдар жабылды

Қысқы күтіп-ұстауға 419 техника және 785 адам жұмылдырылды

 Динара Амантай 20.02.2024 | 10:30
Скрин: Youtube

Бүгін сағат 09:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар 20 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Абай облысында барлық бағыттар бойынша жалпы ұзындығы 2 мың 174 шақырым болатын 7 автожол жабылды. Сондай-ақ «Омбы-Майқапшағай» бағытының 915-1002-шақырымы:

  1. Қалбатау ауылы-Көкпекті ауылы учаскесінде жолдар жабық.

Шығыс Қазақстан облысында барлық бағыттар бойынша жалпы ұзындығы 1 мың 268 шақырым болатын 7 автожол жабылды.

Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 шақырым болатын 1 автожол:

  1. «Алматы-Ташкент-Термез» бағыты, Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы іске асырылады).

Жетісу облысында жалпы ұзындығы 58 шақырым болатын 1 автожол:

  1. «Алматы-Өскемен» бағытында 557-615-шақырым, Үшарал қаласы-Абай облысының шекарасы.

Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 103 шақырым болатын 2 автожол:

  1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» бағытында, Қарқаралы қаласы-Абай облысының шекарасы:
  2. «Екатеринбург-Алматы» бағытында 1505-1854-шақырым, Жаңа құрылыс ауылы-Балқаш қаласы.

Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 шақырым болатын 1 автожол:

  1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысы-Арқалық қаласы.

Павлодар облысында жалпы ұзындығы 160 шақырым болатын 1 автожол:

  1. «Омск-Майқапшағай» – Кежекөл кенті-Абай облысының шекарасы.

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 115 шақырым болатын 1 автожол:

  1. «Жезқазған-Петропавл» – Қостанай облысы-Ұлытау ауылы, Жезді бекеті-Ұлытау ауылы.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 419 техника және 785 адам жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама