×

«Ішімдік ішіп, көлік жүргізген»: Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев қамауға алынды

Ол 15 тәулікке қамалды

 Халық үні 19.02.2024 | 20:45
Фото: Маңғыстау облысы ПД

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев есімді азамат мас күйде көлік жүргізгені үшін қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды. 

Бұл туралы Central Media News жазды.

2024 жылғы 4 ақпанда тәртіп сақшылары Toyota Сamry көлігін тоқтатқан. Оны 23 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев есімді азамат тізгіндеген.

Полицейлер ішімдік ішкен жүргізушіге арнайы түтікше үрлетіп, тексерістен өткізген. Тексеріс нәтижесі бойынша полицейлердің күдігі расталған. Салдарынан ол 15 тәулікке қамалды. Сонымен қоса 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Жүргізушінің көлігі тұраққа қойылды. Дегенмен Назарбаев сот шешімімен келіспейтінін атап өткен, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама