×

Парадзюдошылар Германиядан бес медальмен келе жатыр

Қазақстан спортшылары 2 алтын мен 3 қола жүлдені жеңіп алды

 Дастан Жұмабекұлы 19.02.2024 | 12:26
Фото: Қазақстан парадзюдо федерациясы

Германияның Гейдельберг қаласында Қазақстан спортшылары парадзюдодан өткен әлемдік гран-при сериясында 2 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды.

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының хабарлауынша, финалдық белдесуде 48 келіге дейінгі (J2) салмақта Ақмарал Науатбек Қытай спортшысы Ли Ликингті иппонмен, ал 70 келіден аса (J2) салмақта белдескен Зарина Раифова кубалық Шейла Самарианды вазари әдісімен жеңіп, еліміздің қоржынын қос алтын жүлдемен толықтырды.  

Сонымен қатар -73 келі (J1) салмақта Ерғали Шамей,  +90 (J2) келі салмақта Журкамырза Шүкірбеков және -70 келі (J2) салмақта өнер көрсеткен Аяла Мереке жарыстың қола жүлдегерлері атанды.

Айта кетсек, парадзюдодан гран-при жарысы 17-18 ақпан аралығында Германияда жалауын желбіретті. Оған 47 мемлекеттен 200-ден астам спортшы қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама