×

Қазақстанда деструктивті діни ағымда жүрген 23 адам ұсталды - ҰҚК

17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 19.02.2024 | 12:10
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

17 ақпанда Ұлттық қаупсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен іске асырған операция шеңберінде Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топ мүшелері ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Олардың ортасында деструктивті діни ағымды ұстанушы 23 адам ұсталды. 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 6 адамға қатысты келу туралы міндеттеме қолданылды.

Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде терроризмді насихаттау, адамдарды ұрлау, қорқытып алу, сондай-ақ есірткі заттары мен атыс қаруының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілінді. Жасалған құқыққа қарсы әрекеттерін бірқатар жағдайларда теріс бұрмаланған діни қағидалармен ақтап жүрген. 49 тінту жұмысы барысында атыс қаруы, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер, ақшалай қаражат және есірткілер алынды. Операцияны өткізуге республиканың 8 өңірінде бір мезгілде 250 күштік құрылым қызметкері жұмылдырылды, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Тергеп-тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама