×

Ресейлік боксшы Головкин мен Канелоның жекпе-жегіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Геннадийдың соққы жіберіп қоятыны бар... 

фото: sport.kz

WBA нұсқасы бойынша ресейлік «суперчемпион» Дмитрий Бивол отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жектің фаворитін атады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл жекпе-жекте «Канело» фаворит секілді, өйткені ол Головкинді екі рет жеңді. Аталған кездесулердің қалай өткені маңызды емес, бірақ ол жеңді. Яғни, бір айқаста тең есеп тіркелсе, екіншісінде басым түсті. Шын мәнінде, көптеген нюанстар бар. Бұл Геннадийге плюс болуы да мүмкін. Қазір ол салмақ қумайды. Сондықтан аса мұқият болатын секілді. Геннадийдың соққы жіберіп қоятыны бар. Яғни, 72 келіде соққыларды сезбеуі мүмкін. Ол 76 келіде аз соққы жіберу керек деп ойланып жүрген шығар. Мен жекпе-жектің қалай өрбитінін білмеймін, бірақ қызық болатыны сөзсіз. «Канеломен» өткен кездесуімнен кейін көбісі Генадиймен Альварестің айқасы қызықты болады деп санайды», - деді Дмитрий Бивол.

Айта кетейік, бұған дейін Сауль Альварес баспасөз мәслихаты кезінде Головкинмен үшінші жекпе-жегі биыл қыркүйек айында өтетінін ресми түрде мәлімдеген еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама