×

Былтыр 114 жекеменшік мектеп білім беру қызметіне бас лицензия алды

Қазақстанда барлығы 7 мың 842 мектеп жұмыс істейді

 Динара Амантай 19.02.2024 | 09:56
Фото: Halyq Uni

Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің мәліметінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша елімізде жекеменшік мектептердің қызметіне 114 лицензия берілген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мектептер білім алушылар санының ең көп өсуі байқалатын өңірлер Астана, Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында орналасқан.

Лицензиялау жекеменшік мектептердің ашылуына мүлде кедергі келтірмейді. Керісінше, жоғары сапалы білім беруде жекеменшіктердің дербестігі мен қаржылық мүмкіндігі көбірек. Ең маңызды міндеттердің бірі – білім беру ұйымының орналасқан жеріне қарамастан, барлық оқушыға тең мүмкіндіктер беру. Сондықтан лицензия алу кезінде сұралатын біліктілік талаптары да қиын емес. Ең бастысы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметтердің сапасы және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Мектептерде сапалы білім берудің кепілдігі – аса қауіпсіз және қолайлы жағдайда тудыру, – дейді комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.

Оның айтуынша, біліктілік талаптары жайлы орта құруға, қажетті оқу-зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, білім беру процесінің сапасына тікелей әсер ететін мектептердің материалдық-техникалық базасына қатысты. Қазақстанда барлығы 7 842 мектеп жұмыс істейді, оның 735-і – жекеменшік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама