×

Ақтөбеде есірткі сатушылардан 77 келі марихуана тәркіленді

Полицейлер оңтүстік өңірден есірткі жеткізу арнасының жолын кесті

 Динара Амантай 19.02.2024 | 09:00
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері оңтүстік өңірден есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақтөбеде қала тұрғыны тізгіндеген Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тінту кезінде жүксалғышта өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат салынған және скотчпен оралған 6 полимерлі қап табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың салмағы 57,5 келі марихуана екені анықталды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Ары қарай жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тағы бір күдікті ұсталды. Оның гаражынан өсімдік тектес заттары бар екі үлкен қара пакет табылып, тәркіленді. Тәркіленген зат салмағы 20 келі болатын марихуана болып шықты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, екінші күдікті ұсталған сәтінде есірткілік масаң күйде болған. Жалпы салмағы 77 келіден асатын бұл есірткілерді аталған адамдар өңірге жеткізіп, кейін сату мақсатында сақтаған

 Қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау бойынша шаралар жалғасып жатыр. Еске сала кетсек, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жасалған осы қылмыс үшін ұсталғандарға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, – деді Бақытжан Әмірханов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама