×

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Түркістан облысының таулы аймақтарында қалың қар жауады

 Халық үні 17.02.2024 | 23:57
Фото: Halyq Uni

18 ақпанда Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Жетісу облысының Алакөл көлдері аймағында жел солтүстік-шығыстан екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде түнде 25 градус аяз болады. Алматыда түнде 25 градусқа дейін аяз күшейеді. Қонаевта да түнде 25 градусқа дейін қатты аяз байқалады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында қалың қар жауады.

Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан облыстың оңтүстігінде жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен - 15-20, облыстың шығысында екпіні 25 м/с жел соғады деп күтілуде. Қызылордада солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың шығысында 35 градустық қатты аяз сақталады.

Қарағанды ​​облысының басым бөлігінде қатты аяз 35-38 градусқа дейін төмендейді. Қарағандыда түнде 35 градусқа дейін қатты аяз күтілуде.

Павлодар облысының шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама