Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды

Дәурен Ерболат

Ол өзін жайсыз сезінген

Фото: AP

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный колонияда көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости.

Алексей Навальный Ямало-Ненец автономды округтегі колонияда серуенге шыққан. Алайда өзін нашар сезініп, бірден есінен танып қалды, – деп жазылған Федералды жазаны орындау қызметінің хабарламасында.

Жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алексей Навальный ресейліктерді президент сайлауына қарсы митингке шығуға шақырған еді.