×

Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

Енді теннисші 2021 жылғы Ролан Гаррос жарысының финалисі, ресейлік Анастасия Павлюченковамен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 16.02.2024 | 15:30
Фото: Instagram.com/wta/

Теннисші Елена Рыбакина Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің 38-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі, канадалық Лейла Фернандеспен ойнап, кортта алғаш рет кездесті.

Канадалық теннисші матчты жақсы бастап, 4:1 есебімен алға шықты. Дегенмен бұдан кейін Рыбакина қатарынан 5 геймді алып, есепті 6:4-ке жеткізді.

Екінші сетте Рыбакина есеп 3:2 болған кезде брейк жасай алды. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді. Есеп – 6:2.

Матч бір сағат, 34 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина 6 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 32-ракеткасы, 2021 жылғы Ролан Гаррос жарысының финалисі, ресейлік Анастасия Павлюченковамен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама