×

Шымкентте ЖБО камералары «егіз» көліктерді анықтады

Жүргізушілердің біреуі куәлігінен айырылды

 Динара Амантай 16.02.2024 | 14:22
Фото: polisia.kz

Шымкентте ЖБО камералары «егіз» көліктерді анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бейнебақылау инспекторлары қала жолдарында бірдей нөмір таққан екі Toyota Camry көліктерін байқаған. Оларды ұстап, мән-жайды анықтау үшін патрульдік полиция экипаждары бағытталды.

Жүргізушілер бір-бірін жақсы танитын достар болып шықты. Досының көлігін көшірген 37 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал оның көлігі айыптұраққа қамалды.

Құқықбұзушы тек көлігінен ғана емес, жүргізуші куәлігінен де айырылды. Жалған нөмірлі машинаны тізгіндегені үшін енді ер адамның бір жыл бойы көлік басқаруға құқығы жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама