×

Алматыда жақсүйек пен бетке тегін ота жасалады

Операцияны хирургтер Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында жасайды

 Дастан Жұмабекұлы 14.02.2024 | 14:57
Фото: t.me/tvalmaty

Алматы қаласындағы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы енді жақ-бет патологиясы бар науқастарды қабылдайды. Оларға медициналық сақтандыру аясында тегін ота жасалады.

Айта кетсек, Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының хирургтері 15 жастағы науқастың бет асимметриясын түзету операциясын сәтті жасады.

Тұрмыстық жарақаттан кейін жасөспірімде жақтың қисаюы пайда болған. Оны төменгі жақтың оңға қарай қозғала алмауынан бір жыл бойы ыңғайсыздық мазалаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама