×

Павлодар облысында тұрғынды бопсалаған «прокурор» ұсталды

Ол жасаған қылмыстық құқықбұзушылық үшін кінәсін мойындады

 Динара Амантай 13.02.2024 | 12:45
Фото: gov.kz

Павлодар облысында тұрғынды бопсалаған «прокурор» ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 9 ақпанда ішкі қауіпсіздік қызметіне Павлодар қаласының тұрғыны прокуратура қызметкерінің әрекетіне шағыммен жүгінген.

10 ақпанда облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 194-бабы («Қорқытып алу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сол күні күдікті ұсталып, ол жасаған қылмыстық құқықбұзушылық үшін кінәсін мойындады. Ұсталған адамның прокуратураға еш қатысы жоқ, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама