×

Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске алу турнирі өтеді

Оған әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері қатысып, 10 салмақ дәрежесінде күш сынасады

 Дастан Жұмабекұлы 13.02.2024 | 09:51
Фото: qazaqstan.tv

11-13 наурыз аралығында Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер (U20) арасындағы халықаралық турнир өтеді.

Оған әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері қатысып, 10 салмақ дәрежесінде күш сынасады.

Турнир Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы мен Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтеді.

Турнирге кіру тегін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама