×

Президент Қытай халқын Чуньцзе мерекесімен құттықтады

Биыл ҚХР-дың құрылғанына – 75 жыл

 Дәурен Ерболат 10.02.2024 | 11:05
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Президент қазақстандықтардың және өзінің атынан Си Цзиньпин мен Қытай халқын Чуньцзе мерекесімен құттықтады.

Қытай Халық Республикасының құрылғанына 75 жыл толуымен тұспа-тұс келетін биылғы айдаһар жылы мемлекетіңізді одан әрі өркендету жолында жетістіктерге толы боларына сенімдімін. Осы тұста сіздің маңызды стратегиялық бастамаларыңызбен тың жоспарларыңыздың сәтті жүзеге аса беруіне шынайы тілектеспін. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың «алтын 30 жылдығы» аясында игі мақсат-міндеттерімізге қол жеткізіп, халқымыздың жарқын болашағы жолындағы сындарлы әріптестігімізді жаңа деңгейге көтеруге айрықша мән беремін, – деп жазылған жеделхатта.

 Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Қытай халқына бақ-береке тіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама